Коронавирус: Ирандағы жағдай
Ақп 01, 2021 22:50 Asia/Almaty
Иран денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі 1 млн 216 мыңнан аса адамның коронавирустан сауығып шыққанын хабарлады.
Сима Садат Лари жексенбі күні: "Өткен 24 сағатта елде 6597 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 817-і ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына амбулаторлық қызмет көрсетілді",-деді.
Лари: "Өкінішке қарай, өткен 24 сағатта елде 79 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 58038 адамға жетті",-деді.
Тегтер