Ислам революциясының жетекшісі: Ислам мен Ислам республикасы әйелдерге құрметпен қарайды
Ислам революциясының жетекшісі Ислам мен Батыстың әйелге деген көзқарасынң түбегейлі айырмашылығына тоқталып: «Ислам мен Ислам республикасы әйелдерге құрметпен қарайды, ал Батыс әйелге тауар және құрал ретінде қарайды»,- деді.
Аятолла Хаменеи бүгін, сәрсенбі күні Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетін мадақтаушыларымен өткізген бейнеотырыста хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күні және Әйелдер мен аналар күні, сондай-ақ имам Хомейнидің туған күні және «Фаджр» онкүндігімен құттықтап: «Исламда илаһи және адами құндылықтар тұрғысынан ерлер мен әйелдердің айырмашылығы жоқ. Ерлер мен әйелдердің ортақ міндеттерімен бірге, әрқайсысының арнайы міндеті бар. Сондықтан Алла Тағала оларды жыныстық айыпмашылықтарына сай жаратты. Біз Исламның көзқарасын мақтан тұтып, Батыстың әйелге деген көзқарасы мен өмір сүрі тәсіліне наразылық білдіреміз»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи Батыстың Ислам мен исламдық хиджабтың әйелдің дамуына кедергі деген үгіт-насихатына тоқталып: «Бұл айқын көрінетін өтірік және оның өтірік екенін Ислам республикасындағы әйелдің жағдайы дәлелдейді»,- деді.