Рухани Иранның ядролық келісімгер тобын ұлттық «Біліктілік, басқарушылық және батырлық» орденімен марапаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i502-Рухани_Иранның_ядролық_келісімгер_тобын_ұлттық_Біліктілік_басқарушылық_және_батырлық_орденімен_марапаттады
ИИР президенті Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келіссөздеріне атсалысқан барлық қайраткерлерді марапаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 08, 2016 22:13 Asia/Almaty
  • Рухани Иранның ядролық келісімгер тобын ұлттық «Біліктілік, басқарушылық және батырлық» орденімен марапаттады

ИИР президенті Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келіссөздеріне атсалысқан барлық қайраткерлерді марапаттады.

Иран президенті Хасан Рухани ядролық келіссөздерге еңбек сіңірген қайраткерлерді бірінші дәрежелі «Біліктілік, басқарушылық және батырлық» орденімен марапаттауға арналған шарада сөз сөйлеп: «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы келісімгер топтың күндіз-түнгі еңбегі және Иран Ислам Республикасы халқының қарсыласуы мен шыдамдылығының жемісі» деп мәлімдеді.

Рухани ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің ядролық келіссөздер барысындағы нұсқауларына сілтеме жасап: «Ол кісі өзінің бағалы тәжірибелерімен келісімгер тобымен бөлісті. Келісімгер топ та хазіреттің сөзін жерге тастамауға тырысты» деді.

Иран президенті содан кейін Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифті, Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехиді, Қорғаныс және ислам республикасы қарулы күштерін қолдау министрі, бригада генералы Хосейн Деһқан мен тағы да басқа ядролық келіссөздерге еңбек сіңірген қайраткерлерді бірінші дәрежелі «Біліктілік, басқарушылық және батырлық» орденімен марапаттады.