Ирандағы коронавирустық жағдай
Ақп 05, 2021 19:40 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі 1 млн 241 мыңнан аса адамның коронавирустан сауығып шыққанын хабарлады.
Сима Садат Лари жұма күні Ирандағы коронавирустың жағдай туралы: "Өткен 24 сағатта елде 7061 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 675-і ауруханаға жатқызылды. Жалпы бұл елде COVID-19 жұқтырған адамдар саны 1452387 жетті. Өкінішке қарай, өткен 24 сағатта елде 80 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 58336 адамға жетті",- деді.
Тегтер