Иранда бір тәулікте 57 адам коронавирустан көз жұмды
Ақп 07, 2021 22:05 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі елде 1 млн 253 мыңнан аса адамның коронавирустан жазылып шыққанын хабарлады.
Сима Садат Лари жексенбі күні Иранда коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы туралы: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта елде 7065 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 544-і ауруханаға жатқызылып, басқаларына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі елде COVID-19 жұқтырғандар саны 1 466 435 адамға жеткенін айтып: «Өткен 24 сағатта 57 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 58469 адамға жетті»,-деді.
Тегтер