Иранда бір күнде 62 адам коронавирустан көз жұмды
Ақп 14, 2021 19:26 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта 62 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 58945 адамға жетті»,-деді.
Сима Садат Лари бейсенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта елде 7390 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 568-сі ауруханаға жатқызылып, басқаларына амбулаторлық қызмет көрсетілді. Сөйтіп, осы күнге дейін елде 1 518 263 адам коронавирусқа шалдықты»,-деді.
Сима Садат Лари: «Қуанышқа орай, осы күнге дейін 1 298 023 адам індеттен сауығып, ауруханадан шығарылды»,-деді.
Тегтер