Коронавирус: Ирандағы жағдай
https://itolqyn.com/news/iran-i50456
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Осы күнге дейін елде 1 526 023 адам коронавирусқа шалдықты»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 15, 2021 20:41 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Осы күнге дейін елде 1 526 023 адам коронавирусқа шалдықты»,-деді.

Сима Садат Лари бейсенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта елде 7760 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 784-сі ауруханаға жатқызылып, басқаларына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.

Сима Садат Лари: «Өткен 24 сағатта 83 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 59028 адамға жетті»,-деді.

Осы күнге дейін әлемде шамамен 110 млн адам індетке шалдығып, соның салдарынан 2 412 000 адам қаза тапты.