Зариф ядролық қарудың таралуына жалған алаңдаушылық білдірушілерге жауап қайтарды
(last modified Wed, 17 Mar 2021 13:45:14 GMT )
Нау 17, 2021 19:45 Asia/Almaty
  • Зариф ядролық қарудың таралуына жалған алаңдаушылық білдірушілерге жауап қайтарды

Батыстың әртүрлі мәселелерге, оның ішінде ядролық қаруға қатысты ұрандары мен әрекеттеріндегі айқын қайшылық ешкімге жасырын емес.

 

Бұл қайшылықтар Иран Сыртқы істер министрін Ұлыбритания премьер-министрінің Иранның ядролық жұмыстарына қатысты алаңдаушылығына жауап беруге және Батыстың екіжүзділігін еске түсіруге себеп болды. ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Ұлыбритания премьер-министрінің Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылығына Twitter-дегі парақшасында жауабын беріп: «Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон өз елінің ядролық арсеналын көбейтетіндігін мәлімдеген күні екіжүзділікпен Иранның ядролық қарудың дамуына алаңдаушылық білдірді. Ұлыбритания мен оның одақтастарына  керісінше Иран ядролық қару мен барлық жаппай қырып-жоятын қаруды ұрейлі қару және оларды жою керек деп санайды»,- деп жазды.

Ұлыбритания өзінің ядролық арсеналын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл мемлекет 2015 жылғы стратегиялық қорғаныс шолуларында ядролық қарудың жалпы қорын шамамен 180 оқтұмсыққа дейін азайтуға уәде берді. Қазіргі уақытта Ұлыбританияда шамамен 195 ядролық оқтұмсық бар. БҰҰ-дағы Иранның елшісі әрі тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи БҰҰ Бас Ассамблеясының Қарусыздану және қауіпсіздік жөніндегі 75-ші Бас ассамблеясында сөз сөйлеп, ядролық қарусыздану жолындағы кедергілерді, соның ішінде ядролық арсеналдарды модернизациялау бәсеке және ядролық қару  иелерінің одан бас тарту  саяси ниеттің жоқтығына тоқталып: «14000-нан астам ядролық қару мен жыл сайынғы жүздеген миллиардтаған шығындар және оларды қолдану мүмкіндігі адамзат пен Жер планетасына қауіп төндіреді»,- деді.

2019 ж. Atomic Science Bulletin-нің мәлімдемесіне сәйкес, АҚШ-тың арсеналында шамамен 6,185 ядролық оқтұмсық бар. Бұл мәлімдемеде Еуропа елдеріндегі Пентагон базаларындағы тактикалық атом бомбаларының саны 150-ге тең екені айтылды. Бұл тактикалық бомбалардың 3 және 4 нұсқалары болып табылатын атом бомбалары Еуропаның бес еліндегі алты базада орналастырылған. Олардың ішінде Италияда екі және Германия, Түркия, Бельгия және Нидерландыда әрқайсысында бір база бар. АҚШ-тағы Гудзон институтының халықаралық қауіпсіздік және радиацияны таратпау жөніндегі директоры Кристофер Эшли Форд қазіргі кездегі ядролық әлемнің ең күрделі аспектілері ядролық қаруды жаңарту мен ұлы державалар арасындағы бәсекелестіктің жаңаруынан туындайды деп санайды. Халықаралық Атом Қуаты Агенттігінің Басқармалар кеңесінің бұрынғы төрағасы Бертран Голд Шмидт: «АҚШ сияқты державалардың ақылға қонымсыз тәсілі бүкіл әлемде саяси, қауіпсіздік және әскери дағдарыстар туғызды және әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндірді», деді.

ИИР діни және моральдық сенімдерге сүйене отырып, әлемге ядролық қаруды жасау мен қолдануға тыйым салынғанын  жариялады және бұл мәселе БҰҰ-да ресми құжат ретінде тіркелді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің «Жаппай қырып-жоятын және ядролық қаруды өндіруге, таратуға, жинақтауға және қолдануға тыйым салу" пәтуасы Иранның ядролық іс-әрекетке қатысты ұстанымының ашықтығын ең жоғарғы деңгейіне жеткізді. Иранның Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен (АҚХА) кең ауқымды ынтымақтастығы, сонымен қатар ядролық іс-әрекеттің анықтылығын көрсетеді және Иран еш нәрсені қолдамайды. Осылайша, бұл шантаждар мен негізсіз талаптарды қайталаудың мақсаты фактілерді төңкеріп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаудағы үш еуропалық елдердің саяси әлсіздігін жасыру екендігі айқын.