Саудиялық күштердің Түркия арқылы Сирияға жіберілуі теріске шығарылды
https://itolqyn.com/news/iran-i514-Саудиялық_күштердің_Түркия_арқылы_Сирияға_жіберілуі_теріске_шығарылды
Түркиялық хабардар көздер Сауд Арабиясының жетекшілігімен 150 мың әскери құрлық күшінің Сирияға жіберілуі туралы хабарды теріске шығарды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 09, 2016 15:17 Asia/Almaty
  • Саудиялық күштердің Түркия арқылы Сирияға жіберілуі  теріске шығарылды

Түркиялық хабардар көздер Сауд Арабиясының жетекшілігімен 150 мың әскери құрлық күшінің Сирияға жіберілуі туралы хабарды теріске шығарды.

Fars ақпарат агенттінің хабарлауынша, Түркия премьер-министрінің кеңсесіндегі хабардар көздер ANADOLU ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Сауд Арабияның жетекшілігімен 150 мың әскери күштің Түркияның оңтүстігі арқылы Сирияға жөнелтілуі туралы хабардың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Екі күн бұрын саудиялық хабардар көздер CNN ақпарат арнасына 150 мың әскери күшті құрлық үсті амалдарын орындау мақсатында Сирия жеріне жөнелту үшін жаттықтыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Осы хабарға сәйкес, басым бөлігін арабстандық, судандық, мысырлық және иорданиялық азаматтар құрайтын 150 мың әскери күш қазіргі кезде ИСИМ-мен күрес сылтауымен Сирия жеріне кіргізілу үшін Арабстан жерінде орналастырылған.

Осы хабардар дереккөз Марокко, Кувейт, Түркия, Бахрейн, БАӘ мен Қатар да Рияд пен Анкараның басқаруымен өз күштерін Түркия мен Сирияның солтүстігі арқылы осы елдің жеріне кіргізетінін, сондай-ақ, Малайзия, Индонезия мен Брунейдің де өз күштерін Арабстанға жөнелтетінін қуаттады.