Ислам республикасының күні – Ислам революциясы ғұмырының шынайы бастамасы
(last modified Thu, 01 Apr 2021 10:03:55 GMT )
Сәу 01, 2021 16:03 Asia/Almaty
  • Ислам республикасының күні – Ислам революциясы ғұмырының шынайы бастамасы

Эксперттер кеңесінің хатшылығы 12 фарвардин Ислам республикасының күніне орай жасаған мәлімдемесінде Ислам революциясының мақсаттарын орындау жолында бірлікті сақтап, белсенді әрекет ету қажеттігін айтып, Иран халқын Ислам республикасының күнімен құттықтады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы мәлімдемеде «Иран тарихындағы тағдыр шешкен ең маңызды күндердің бірі – х.ш.ж.с.б. 1358 жылдың 12 фарвардині (1979 жыл 1 сәуір)» делінген. Ислам республикасының күні – 1979 жылы ақпанда имам Хомейни бастаған Ислам революциясы мен халық көтерілісінің мәреге жеткен күні әрі әлемге діни демократия таныстырылған күн. Мұхаммед пайғамбардың таза исламы қазіргі сергелдеңге түскен адамзат баласына екі дүниенің де бақытын беруге кепіл бола алатынын көрсетіп, әлемдегі мақрұм қалғандар мен жапа шеккендерге үміт нұрын сыйлады.    

Ислам республикасының күні – Ислам революциясы ғұмырының шынайы бастамасы және халық дауысына негізделген үкімет құру жолындағы алғашқы қадам, халықпен бірге Иранда әділетті ислам үкіметін құру үшін Пеһлеви режиміне қарсы күресте жан берген шәһидтер қанының нәтиже берген күні.

Тегтер