Ислам революциясы жетекшісінің Палестинаның қарсыласу қозғалысының жеңісіне арналған мәлімдемесі; жеңістің маңызды көрсеткіштері және оның Палестина болашағына әсері
(last modified Sat, 22 May 2021 17:38:15 GMT )
Maм 22, 2021 23:38 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің Палестинаның қарсыласу қозғалысының жеңісіне арналған мәлімдемесі;  жеңістің маңызды көрсеткіштері және оның Палестина болашағына әсері

Израильдің Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауына жасаған қылмыстық шабуылдары сионистік режимнің сәтсіздікке ұшырауымен аяқталды.

Ислам революциясы жетекішсі аятолла Хаменеи жұма кешке мәлімдеме шығарып, бұл бірнеше күндік сынақтың Палестна халқының беделін көтергеніне тоқталып: «Қылмыстардың жалғасуы және атысты тоқтату туралы өтініш сионистік режимнің жеңілісі және ол жеңілісті қабылдауға мәжбүр болды»,- деді. Ислам революциясы жетекшісінің Израильдің      екі жеңілісіне сілтеме жасауы 12 күндік Газа соғысының салдарын талдаудағы бірнеше маңызды мәселені көрсетеді.

Бірінші мәселе – қарсыласу тақырыбы. Шайқастың майдандық көрсеткіштері  бойынша, қарсыласу ағымы сионистік жаудың әскери қабілеттеріне қарамастан, бұл соғыста сандық және сапалық жағынан айтарлықтай айырмашылықтарды көрсете алды. Қарсыласу топтарының зымырандық күші бұл тағдырды шешетін шайқастың маңызды және негізгі факторларының бірі болып, соғыс теңдеулерін қарсыласудың пайдасына өзгертті. Екінші мәселе - Палестинаның қарсыласу процесінде жаңа шеңбердің құрылуы. 12 күндік соғысқа дейін Палестина қарсыласуы көбіне Құдсте, немесе Газа секторының, немесе Иордан өзенінің батыс жағалауының кейбір бөлігіндегі қарсыласу орталықтарына негізделген болатын. Алайда, бұл үлгі «Құдсы семсері» шайқасында стратегиялық өзгерістің куәсі болды. Қарсыласудың бірлігіне айналған бұл өзгеріс Палестина тағдыры мен болашағы үшін өте маңызды.  Ислам революциясы жетекшісі бұл өзгерісті Палестинаның болашағы үшін сынақ деп тауып: «Құдс пен Иордан өзенінің батыс жағалауы Газамен, сондай-ақ 48 жылғы жер және лагерьлермен ынтымақтастықты сынау палестиналықтардың болашақ стратегиясын көрсетті»,- деді. Газадағы қарсыласу топтарының сионистік режиммен 22, 51 және 8 күндік соғыстарына қарамастан, бұл жолы қарсыласудың барлық топтары әрекетке кірісті.  Құдс шайқасы нәтижелерінің маңыздылығын талдаудағы үшінші мәселе - болашаққа көз салу және сионистік режимнің Палестина халқының қарсылығына қарсы осалдықтарының әшкереленуі. Газа шайқасында  2006 жылдан бастап алғаш рет Израильдің әскери-әуе күштері өзінің шешуші күшін жоғалтқаны және құрлықтағы күштердің төртінші буындағы шайқасқа немесе қарсыласу ағыммен қарсыласуға дайын еместігі белгілі болды. Сионистік соғыс министрі Либерман: «Егер  біздің ХАМАС-қа қатысты жағдайымыз осы болса, Хизболла мен Иранға қатысты жағдайымыз қандай болады?» - деп мойындаған. Қазіргі кезде сионистер Израильдің бұл аймақта болашағы жоқ екенін кеңінен мойындады. Тежеуге қабілетсіздік, ішкі жағдайдың әлсіреуі, 1948 жылы басып алынған жерлерде тұратын палестиналықтардың сионистік қоғамға ассимилияцияланбауы және сионистердің болашаққа деген сенімінде алауыздықтың пайда болуы -  жаңа жеңілістің нәтижесі. Бұл жеңілістің салдарын талдаудағы соңғы мәселе - ислам әлемінің Израильді қылмыстары үшін жауапқа тарту халықаралық жауапкершілігі. Осы тұрғыдан алғанда, Палестина халқының құқықтарын қорғауда ең жақсы жағдайға ие исламдық елдер бұл жауапкершілікті лайықты түрде орындауы керек деп күтілуде. Ислам революциясы жетекшісі өз мәлімдемесінде ислам әлемінің Палестина мәселесінде толығымен жауапты және діни парыз екеніне тоқталып: «Режим мен қылмыскер Нетаньяхудың барлық әрекеттері халықаралық және тәуелсіз соттармен қудаланып, жазалануы керек. Бұл илаһи күштін көмегімен жүзеге асырылады»,- деді.     

 

Тегтер