Амир Хатами: Сионистердің шіріген ағашы жуырда құлайды
https://itolqyn.com/news/iran-i52798-Амир_Хатами_Сионистердің_шіріген_ағашы_жуырда_құлайды
ИИР Қорғаныс министрі: «Сионистердің тамырсыз ағаштары шіріп бітті. Газа соғысы бұл ағаштың жуырда құлайтынын көрсетті»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 23, 2021 20:29 Asia/Almaty
  • Амир Хатами: Сионистердің шіріген ағашы жуырда құлайды

ИИР Қорғаныс министрі: «Сионистердің тамырсыз ағаштары шіріп бітті. Газа соғысы бұл ағаштың жуырда құлайтынын көрсетті»,-деп қуаттады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бригада генералы Амир Хатами жексенбі күні Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп ұйымының құрлықта күрес жүргізуге арналған құралдары көрмесінің ашылу рәсімінде: «Бүгін ИИР соңғы ғасырларда болмаған позицияда тұр»,-деді.  

ИИР Қорғаныс министрі: «Қорғаныс қуаты мен халықтың қолдауы Иранға сенімді күш-құдірет сыйлады. Біз мұны мақтан тұтамыз»,-деді.

Амир Хатами: «Ұшқышсыз ұшақ жасауда әлемдегі басты алпауыттардың қатарында екеніміз күмәнсіз. Электроника, радар және кибернетика саласында да үздік елдердің біріміз»,-деді.