АҚШ елшісі Түркияның Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды
Түркия ақпарат құралдары Вашингтонның Сирияның демократиялық бірлік партиясымен (PID) ынтымақтастық жасауына наразылық нота жолдап, АҚШ елшісінің Түркияның Сыртқы істер министрлігіне шақыртылғаны туралы хабарлады.
ИРНА-ның сейсенбі күнгі мәліметі бойынша Түркияның Сыртқы істер министрлігі АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Корбидің Сирия күрдтерінің демократиялық бірлік партиясы туралы сөзіне наразылық білдіріп, АҚШ елшісі Джон Босты шақыртты.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Түркия Президентінің Обаманың Сирия істері жөніндегі арнайы өкілінің Кобаниде Сирия күрдтерінің демократиялық бірлік партиясының басшыларымен кездесуін сынағаннан кейін: «АҚШ Түркия сияқты аталмыш партияны Күрд Жұмысшылар партиясының бөлімі деп санамайды және бұл партияны лаңкес деп есептемейді. АҚШ бұл партияны ДАИШ-ке қарсы ең әсерлі күш санап, оны қолдауды жалғастырады»,- деп қуаттады.
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Джон Корбидің сөзіне реакция білдіріп: «Түркияға одақтас мемлекеттер лаңкестік ұйымдарға қатысты ұстанымдарын анықтағандары жөн. ДАИШ Түркия, АҚШ және Еуроодақ үшін лаңкестік ұйым. АҚШ-тың PID мен КЖП лаңкестік ұйымдардың тізіміне қоспағанын қабылдауға келмейді»,- деді.