Велаяти: Сауд Арабиясының Сирияға қарсы қоқан-лоққылары - әсерсіз жарнама
https://itolqyn.com/news/iran-i553
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеу орталығының басшысы: «Сирия халқы мен үкіметі өткен бес жылда барлық шабуылдарға қарсы тұрды. Бүгінгі күні кез келген шабуылға бұрынғыдан бетер қарсылық көрсетеді»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 10, 2016 17:00 Asia/Almaty
  • Велаяти: Сауд Арабиясының Сирияға қарсы қоқан-лоққылары - әсерсіз жарнама

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеу орталығының басшысы: «Сирия халқы мен үкіметі өткен бес жылда барлық шабуылдарға қарсы тұрды. Бүгінгі күні кез келген шабуылға бұрынғыдан бетер қарсылық көрсетеді»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеу орталығының басшысы Әлиакбар Велаяти сейсенбі күні АҚШ-тың Ислам үмбеті қозғалысының басшысы Луис Фарраханмен кездесуінің аясында журналистерге берген сұхбатта Сауд режимінің Сирияға құрылықтан шабуыл жасауы туралы қоқан-лоққыларына тоқталып: «Бұл сөздер аймақтың кейбір мемлекеттері оларды айтуға әдеттенген ұранның бір түрі. Бұл сөздер әсерсіз жарнама»,- деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Иран мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтар туралы: «Теһран-Мәскеу ынтымақтастықтары екіжақты және аймақтық қатынастар болып табылады. Аймақтағы мықты екі елдің лаңкестерге қарсы ынтымақтастықтары артуда»,- деді.