Раиси: Министрліктер Шанхай ұйымымен əріптесу əлеуеттерін анықтауы тиіс
https://itolqyn.com/news/iran-i55380
Иран президенті: "Барлық министрліктер Шанхай ынтымақтастық ұйымымен əріптесу əлеуеттерін анықтап, ел экономикасын дамыту жолында пайдалануға міндетті",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 20, 2021 15:34 Asia/Almaty
  • Раиси: Министрліктер Шанхай ұйымымен əріптесу əлеуеттерін анықтауы тиіс

Иран президенті: "Барлық министрліктер Шанхай ынтымақтастық ұйымымен əріптесу əлеуеттерін анықтап, ел экономикасын дамыту жолында пайдалануға міндетті",-деді.

Сейіт Ибраһим Раиси жексенбі күні үкімет жиналысында ИИР-дың Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болғанына тоқталып: "Қазіргі таңда Иран СІМ ғана емес, бүкіл министрліктер пайда болған мүмкіндіктерді елдің экономикалық дамуы мен гүлденуі үшін барынша пайдалануға міндетті",-деді.

Раиси Чабаһар айлағын іске қосуды тездету қажеттігін айтып: "Чабаһар айлағы - Азия жəне əлем елдерімен байланыс қақпасы. Сондықтан оны дамытып, іске қосуды тездету өте маңызды",-деді.