Иран мұнай өндірісін тұрақтандыру жобасына реакция білдірді
(last modified Tue, 19 Apr 2016 09:12:21 GMT )
Сәу 19, 2016 15:12 Asia/Almaty
  • Иран мұнай өндірісін тұрақтандыру жобасына реакция білдірді

Иранның Мұнай министрі мұнай өндірісін тұрақтандыру жобасының жүзеге асырылуын санкциялардан кейінгі кезеңде Иранға салынған жаңа санкция деп атады.

Меһр ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бижан Намдар Зангане дүйсенбі күні мұнай өндірісін тұрақтандыру жобасын Иранға салынған жаңа санкция деп атап: "Иранға қарсы санкциялар алынған соң кейбір араб елдері, әсіресе Сауд Арабиясы Иранға қарсы кеңістік тудыру мақсатындағы әрекеттерін жүзеге асыра бастады. Алайда олардың шаралары бос әурешілік» деді.

Бижан Намдар Зангане аталмыш елдердің мұнай өнімдерінің бағасын төмен сақтай отырып, Иранға қысым жасауды көздегендерін айтып: «Сол елдердің әрекеттерінің салдарынан мұнай нарығы толып, нарықтағы теңсіздік күніне шамамен 2 миллион баррель мұнайға жетіп отыр»,- деді.

Иран Мұнай министрі кейбір араб елдерінің әлемнің ірі мұнай өндірушілері арасында осындай кеңістік тудыру арқылы қоғамдық пікірді бұрмалауды көздейтінін айтып: «Аталмыш елдер Иранның мұнай өндірісі деңгейін 2016 жылдың қаңтар айындағы межеге сәйкес тұрақтандыруды қалайды»,-деп мәлімдеді.

Тегтер