Иран Оман үкіметі мен халқына көмектесуге дайын екендігін жариялады
Қаз 05, 2021 16:42 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусайдимен телефон арқылы сөйлесіп, соңғы дауылға байланысты Оман халқы мен үкіметіне жанашырлығын білдіріп, ИИР-ның кез келген көмек көрсетуге дайын екенін жариялады.
Омандағы «Шахин» тропикалық дауылында осы уақытқа дейін кем дегенде 10 адам қаза тапты. Бұл дауылдағы желдің жылдамдығы сағатына 139 шақырымды құрайды, Оман теңізі мен оның айналасындағы сулардағы толқын биіктігі 12 метрге бағаланады.
Тегтер