Қазақстанның Ирандағы елшісі: Иран мен Қазақстанның қарым-қатынасы қайта жанданып жатыр
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Ирандағы елшісі Асхат Оразбай жексенбі күні Иранға қарсы зұлым санкциялар жойылып, Теһранмен экономикалық қатынастың кеңейе түсетініне үміт білдіріп: "Иран мен Қазақстанның түрлі салаларда қарым-қатынасы қайта жанданып жатыр",-деді.
Қазақстанның Ирандағы елшісі Теһранда ЭЫҰ-ның Мəдени институтында өткен "Қазақстанның соңғы 30 жылда жеткен жетістіктері" атты отырыста Иранды 1991 жылы тəуелсіздік алғаннан кейін бірден Қазақстанды ресми түрде танып, Алматыда елшілік ашқан алғашқы елдердің бірі деп атады.
Қазақстан елшісі Иранның аймақ жəне əлемдегі орнын жақсы түсінетінін жəне оны құрметтейтінін айтып: "Қазақстан тіпті ИИР-ға əділетсіз санкциялар салынған ауыр кезеңде де Теһранға қарсы шара қолданбады",-деді.