Ислам революциясының жетекшісі: Бірліктің басты көрсеткіші - Палестина
(last modified Sun, 24 Oct 2021 17:38:45 GMT )
Қаз 24, 2021 23:38 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Бірліктің басты көрсеткіші - Палестина

Ислам революциясының жетекшісі "Ислам бірлігі" конференциясына қатысқан қонақтар жəне жүйенің жауапты тұлғаларымен кездесуінде бірліктің басты көрсеткішін Палестина деп атап: "Израильмен қарым-қатынасын қалыптандырған елдер өздерінің қателерін түзеуі тиіс",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммед Мұстафа(с.ғ.с) мен хазірет имам Джафар Садықтың туған күнінде Ислам революциясының жетекшісі "Ислам бірлігі" конференциясына қатысқан қонақтар жəне жүйенің жауапты тұлғаларымен кездесуінде ислам үмбетінің екі маңызды міндетін "адам өмірінің барлық саласында ислам заңдарын түсіндіріп тарату" жəне "мұсылмандардың бірлігін нығайту" деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи заманауи ислам өркениетін құру деген маңызды  мақсатты шиіттер мен сүнниттердің бірлігінсіз орындау мүмкін емес екенін айтып: "Бірліктің басты көрсеткіші - Палестина. Палестиналықтардың құқықтарын қалпына келтіруге қаншалықты көңіл бөлінсе, мұсылмандардың бірлігі соншалықты нығая түседі",-деді. 

Аятолла Хаменеи аймақтағы кейбір елдердің сионистік режиммен қарым-қатынасын қалыптандырғанын күнə жəне үлкен қателік деп атап: "Бұл елдер ислам елдерінің бірлігіне қарсы жолдан қайтып, өздерінің қателіктерін түзеуі керек",-деді.

Аятолла Хаменеи мұсылмандардың бірлігін кесімді парыз жəне Құранда айтылған бұйрық деп атап: "Ислам елдерінің бірлігі - принципті мəселе. Белгілі бір жағдайға ғана керек тактикалық іс емес. Бұл интеграция мұсылмандардың күшейе түсуіне себеп болады. Сонда олар мұсылман емес елдермен қарым-қатынаста абырой-айбынмен əрекет етеді",-деді.

Аятолла Хаменеи бірлік мəселесін баса айтуының себебін мазхабтар арасында алшақтықтың көп болуы жəне дұшпандардың осы алшақтықты одан ары арттыра түсуге күш салуы деп атап: "Бүгінде америкалықтардың саяси лексиконына шиіт пен сүннит деген сөздер енген. Ал негізі олар исламның өзіне қарсы",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен оның жалдамалыларының ислам əлемінің түкпір-түкпірінде іріткі салуға тырысып жатқанын айтып: "Ауғанстанның мешіттерінде мұсылмандар мен намазхандарға қарсы жасалған жарылыстар ДАИШ-тың қолымен жасалған осындай оқиғаларға жатады. АҚШ ДАИШ-ты өзі құрғанын ашық жариялаған болатын",-деді.