Хатибзаде: Ауғанстанға көршілес елдердің екінші кездесуі Теһранда өтеді
(last modified Tue, 26 Oct 2021 12:00:24 GMT )
Қаз 26, 2021 18:00 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Ауғанстанға көршілес елдердің екінші кездесуі Теһранда өтеді

ИИР Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Ауғанстанға көршілес елдері мен Ресейдің сыртқы істер министрлерінің отырысының Теһранда өтетінін хабарлап: «Иран Президенті Ибрахим Раиси ертең (сәрсенбі күні) отырысты ашып, сөз сөйлейді»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше,  Саид Хатибазаде бүгін, сейсенбі күні баспасөз мәслихатында: «Кездесуге Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Пәкістанның сыртқы істер министрлері қатысады, сондай-ақ Қытай мен Ресейдің сыртқы істер министрлері онлайн түрде қатысады. Ертеңгі отырыста ауған халқының ерік-жігерінің орындалуына және елдің болашағына байланысты пікірлер айтылады. Ауғанстан халқы ИИР сынды елдерден мақстарын орындауға көмектесуін күтеді»,- деп мәлімдеді.