Амир Абдуллахиан: Біз халықаралық қауымдастыққа ортақ үндеу жолдаймыз деп үміттіміз
(last modified Wed, 27 Oct 2021 11:03:12 GMT )
Қаз 27, 2021 17:03 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі: «Біз Ауғанстанмен көршілес елдер сыртқы істер министрлерінің кездесуінде халықаралық қауымдастық пен аймақ елдеріне мен Ауғанстанның ішіне ортақ үндеу жібере аламыз деп үміттенеміз»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан бүгін сәрсенбі күні Ауғанстанға көрші елдердің екінші отырысында Иранның Ауғанстанда инклюзивті үкімет құруды қолдайтынын қуаттап: «Ауғанстан азаматтары мен көршілерес елдер арасындағы шекаралардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік ең алдымен Кабулдың билігіне жүктеледі және қазіргі жағдайдан шығуына Ауғанстанға барлығымыз көмектесуіміз керек. Ауғанстандағы соңғы дағдарыстан шығу үшін  ішкі бірлікті, барлық мүмкіндіктерді  және жоғары дарындары пайдалануды талап етеді. Біз бірінші кезекте барлық көршілер, сонымен бірге халықаралық қоғамдастық қазіргі кезде Ауғанстандағы саяси-гуманитарлық жағдайға, лаңкестік пен есірткі бизнесінің таралуына, адам мен әйел құқықтарының сақталуына ерекше назар аударуы керек деп есептейміз. Ауғанстанның қазіргі мәселелерінің көбісі шетелдік араласуымен байланысты. АҚШ Ауғанстанда соңғы жиырма жылда болған қайғылы оқиғалар үшін өзінің жауапкершілігін дауыстап мойындауы керек. Сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың күш-жігерімен бірге Ауғанстан  халқына қиындықтары мен азаптарынан шығуына  шаралар қолдануы керек»,- деді.