Ислам революциясының жетекшісі: Елдегі барлық мәселелердің ғылыми шешімін табуға болады
Ислам революциясының жетекшісі: «Иран жастарының әлеуеті елдің ғылыми олқылығын әлемдік ғылыммен толтыруға, ғылымның жаһандық шекарасынан өтуге, жаңа ислам өркениетін құруға және елдің жарқын болашағын жүзеге асыруға жол аша алады»,- деді.
Аятолла Хаменеи сәрсенбі күні жастар және дарын ғалымдармен кездесуінде: «Иран халқы ерекше дарын халық. Осы себепті ежелден отарлаушылардың жұмсақ соғысының нысанасына айналды. Отарлаушылар біздің жастарымызға дарыны мен қабілеттерін ұмыттыруға, тіпті теріске шығаруға және «біздің қолымыздан келмейді» деп сендіруге күшін салды. Иранның соңғы 200 жылдық тарихында сол кездегі отаршылдар мен билік басындағылар да Иран халқының қабілетсіздігін бірауыздан насихаттады. Ислам революциясының жеңісі бұл насихатты тоқтатты. Ислам революциясының жетекшісі: «Немқұрайдылық пен тонаушылық отаршылдардың халықтарды дәрменсіздікке ұшыратудағы бір-бірін толықтыратын екі мақсаты ретінде қарастырылды. Халық өз мүмкіндіктерін елемейтін болса, оны талан-таражға салу оңай болады»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи немқұрайдылықтың жағымсыз салдары туралы Құран Кәрімнің аяттарын келтіріп: «Алла Тағала қасиетті кітабында дұшпанның оңай шабуыл жасау үшін сіздердің қару-жарақтарың мен дүние-мүліктеріңе немқұрайлық танытуды қалайтынын ескертеді. Дүниедегі қысымдар мен қайшылықтарды ескере отырып, бұл мәселене бүгін ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандармен байланыстыруға болады»,- деп сөзін жалғады. Аятолла Хаменеи бірнеше жыл бұрын Иранның болашағы және әлемдік ғылымда саласында алға ілгереу қажеттілігі туралы айтқан сөздерін еске салып: «Біз ақылға қонымды болашақта Иран әлемдік ғылымның қайнар көзіне айналатындай және соңғы ғылыми тұжырымдарға қол жеткізу үшін әркім парсы тілін үйренуге мәжбүр болатындай жолмен жүруіміз керек. Тарихтың кейбір кезеңдерінде ирандықтар әлемдік білімнің шыңында болып, ирандық ғалымдардың кітаптарын Батыс пен Шығыс ғалымдары оқытып, оларға сілтеме жасағандай талпынуымыз керек»,- деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі осы жарқын әрі мақтанышты болашаққа жету үшін үш қадамды қажет деп санады. Біріншіден, қазіргі олқылықтың орнын әлемдік ғылымның алдыңғы қатарымен толтыруға күш салу. Екіншіден, әлемдік білімнің шекарасынан өтіп, адамзат қоғамына жаңа ғылыми жаңалықтар ұсыну. Үшіншіден, пайдалы ғылымға негізделген жаңа ислам өркениетін құру. Аятолла Хаменеи «жасанды интеллектті» маңызды және болашаққа бағытталған мәселе деп атап: «Бұл мәселе әлемнің болашақтағы басқаруында маңызды рөл атқарады және біз жасанды интеллект әлеміндегі алғашқы 10 елдің қатарына кіруі үшін әрекет етуіміз керек»,- деді. Діни жетекші сөзінің жалғасында отандық өндірісті пайдалану үшін білімге негізделген компанияларды өсіру және нығайту қажеттігін қуаттап: «Білімге негізделген өнім елде өндірілсе, ұқсас өнім импортталмау керек»,- деді.