Иран мен Германияның екіжақты ынтымақтастығын кеңейтуі қуатталды
ИИР Ппрезиденті Теһран мен Берлиннің өзара құрмет пен өзара қызығушылық жағдайында екіжақты қарым-қатынаста пайдалы ынтымақтастық орната алатынын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ибраһим Раиси сені күнгі Олаф Шульцке оны Германия Канцлері болып тағайындалуымен құттықтаған жолдауында: «Иран мен Германияның жүз елу жылдан астам тарихы бар және үлкен және сан алуан қуаттарға негізделген тарихи қарым-қатынастары екі өркениетті елдің саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарын одан әрі дамыту үшін құнды мұра болды»,- деді. Раиси ИИР-ның әлемнің барлық елдерімен, әсіресе Германиямен барынша әрекеттесу жолындағы табандылығына тоқталып, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың бұрынғыдан да кеңейетініне үміт білдірді.