Иран Қазақстанға тез арада бейбітшіліктін қайтатынына үмітті
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қазақстанға тезірек тыныштық оралады деген үміт білдірді.
IRNA-ның хабарлауы бойынша, Саид Хатибзаде бейсенбі күні Қазақстан соңғы оқиғаларға тоқталып: «Тату, бауырлас, көршілес елдің билігі мен зиялы халқы өз мәселелері мен дау-дамайларын шетелдік араласусыз, ұлттық мүдделері негізінде, диалог арқылы бейбіт жолмен шеше алады»,- деді. Хатибзаде Қазақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің ИИР үшін маңызды екенін баса айтып: «Сыртқы факторлардың жағдайды теріс пайдалануға жол бермеу керек»,- деп мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Теһранның Қазақстандағы қазіргі оқиғаларды жіті бақылап отырғанын айтып, елге тез арада бейбітшілік оралатынына сенім білдірді.