Генерал-майор Джафари: Иран зымырандық қабілетін арттыратын болады
(last modified Fri, 22 Apr 2016 15:24:39 GMT )
Сәу 22, 2016 21:24 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Джафари: Иран зымырандық қабілетін арттыратын болады

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы бұл корпустың зымырандық қабілетінің бөгделердің қоқан-лоққыларын тежеу мақсатында арттырыла түсетінін хабарлады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Мұхаммадәли Джафари бейсенбі күні кешке осы корпустың құрылған күнінің жылдығына орай теледидарда берген сұхбатында: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін Иранға қарсы қоқан-лоққылар үдей түсті. Сондықтан Ислам революциясы Сақшылар корпусы өзінің барлық күш-қабілетін Иранның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау үшін қолданады»,-деп қуаттады. 

Генерал-майор Джафари Ислам революциясы Сақшылар корпусының өз күшін халықтан, революциядан және исламдық республика жүйесінен алатынын айтып, Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың Иранның зымырандық қабілеті жайлы дау-дамайлары туралы: «ИИР-ның Қарулы күштері Иран халқының қауіпсіздігін қорғау үшін бұл қабілетті одан ары арттыра түседі»,-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Олар өздері көптеген зымырандарға, тіпті ядролық оқтұмсық орнатылған зымырандарға ие бола отырып, Иранның тек тежеуші рөлге ие зымырандық қабілетіне алаңдайды»,-деді.