Ислам революциясының жетекшісі: Хазірет Хамзаның тану қабілеті мен шынайы ерік-жігері – оның үлгі тұтарлық екі көрнекті қасиеті
Ислам революциясының жетекшісі 25 қаңтарда Құмда өткен хазірет Хамза (ғ.) форумын ұйымдастырушылармен кездесуінде баяндама жасады.
Аятолла Хаменеи осы кездесуде Ислам пайғамбарының ағасы хазірет Хамзаны (ғ.) ұлықтау рәсімін өткізушілерге ризалық білдіріп, форумның ғылыми-зерттеу деректерін мәдениет қалыптастыру және осы ұлы тұлғадан үлгі жасауға қолайлы мүмкіндік деп атап: "Хазірет Хамзаның ислам тарихындағы көрнекті рөлі, әсіресе Мәдинаға қоныс аудару кезіндегі және кәпірлермен соғыстардағы ерліктеріне қарамастан, ол онша танылмаған тұлға. Хамза мен басқа да көрнекті, бірақ танылмаған сахабалар, соның ішінде Аммар, Салман, Микдад пен Джафар бен Абиталебтің өмірі көркем өнер мен сахнада көрсетілуі тиіс",-деді.
Аятолла Хаменеи хазірет Хамза шәһид болғаннан кейін пайғамбардың Мәдина қаласының әйелдеріне жоқтау айтып, шәһидтердің басшысы ретінде танытыруды тапсырудағы мақсатын осы ержүрек тұлғаны барлық мұсылмандарға үлгі ету деп атап: "Хазірет Хамза тұлғасынан үлгі алатын басты қасиеттер – оның тану қабілеті мен шынайы ерік-жігері",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі имам Әлиден (ғ.) рауаятқа тоқталып, хазірет Хамзаны илаһи уәдеге берік мүміндердің бірі деп атап: "Діни орталықтар мен үгіт-насихат аппараттары илаһи тағылым мен ислами үкімдердің дәлелі болатын тұлғаларды тәрбиелеуге бар күшін салуы керек. Өйткені мұндай тұлғалар қысылтаяң шақта қоғамды құтқара алады. Осындай адамдар бар болса, ислам өркениетін қалыптастыратынымыз анық",-деді.