Амир Абдоллахиан: Вена келіссөздері маңызды кезеңге жетті
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың ізгі ниеттілігін дәлелдеу үшін іс жүзінде ешқандай қадамдар жасамағанына назар аудартып: «Вена келіссөздері өте маңызды кезеңге жетті»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдоллахиан сәрсенбі күні Теһранда Оман Корольдігінің Сыртқы істер министрімен бірге Вена келіссөздері туралы ортақ баспасөз мәслихатында келіссөздерде аз, бірақ өте маңызды мәселелердің қалғанына тоқталып: «Вена келіссөздерінде Иран ешбір жағдайда өзінің қызыл сызығынан өтпейді»,- деп қуаттады.
Бадр ибн Хамад әл-Бусаиди Оман Сұлтаны Хейсам ибн Тариқ әл-Саидтың ИИР президенті Сейед Ибрахим Раисиге жазған жазбаша жолдауымен Теһранға келді.
Иран Сыртқы істер министрі Украинадағы соңғы оқиғаларға тоқталып: «АҚШ пен НАТО-ның арандатушылық әрекеттері Украинадағы жағдайды одан сайын қиындатып жіберді, сонымен қатар АҚШ пен НАТО-ның араласуы Ресей мен Украина жағдайына көмектеспейді»,- деді.