Ислам революциясының жетекшісі: Украина шиеленісінің түп-тамыры АҚШ-тың мафиялық режимінің дағдарыс тудырушы саясаты болып табылады
Ислам революциясының жетекшісі: «Бүгінгі таңда заманауи надандықтың айқын әрі толық көрінісі АҚШ-тың мафиялық режимі, ол негізінен дағдарыс жасаушы және дағдарысты өмір сүретін режим болып табылады»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, сейсенбі күні Беғсат мерекесіне орай сөйлеген сөзінде АҚШ режимін бүгінгі әлемдегі заманауи надандықтың айқын әрі толық үлгісі және дағдарыс жасау АҚШ-тың басты ерекшелігі деп тауып: «АҚШ режимі - дағдарыс тудырушы және дағдарысты өмір сүруші және негізінен саяси, экономикалық және қару-жарақ мафиялық желілері шиеленістің бүкіл әлемде таралуынан қоректенетін мафиялық режим»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи мафиялық желілердің АҚШ саясатын бақылауда және бағыттауда тиімді рөл атқаратынына назар аудартып: «Тіпті АҚШ президенттерінің билік басына келуі мен кетуін бақылайтын бұл мафиялар өздерін сақтап қалу үшін әлемнің әртүрлі бөліктерінде дағдарыс тудыруды қажет етеді»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі соңғы жылдардағы ДАИШ-тің құрылуы сияқты дағдарысты АҚШ-тың мафиялық режимі тудырған дағдарыстардың бірі ретінде атап: «АҚШ-тың қару-жарақ зауыттары осы дағдарыстарды барынша пайдалана алуы үшін олардың жаттықтырған иті ДАИШ бейкүнә адамдардың басын кесті, тірідей өртеді немесе суға батырды. Олар өздері бұл топты құрғанын мойындаған»,- деп айтты.
Аятолла Хаменеи Украина дағдарысын АҚШ саясатының нәтижесі деп бағалап: «Бүгінде Украина АҚШ-тың дағдарыс тудыру саясатының құрбаны, өйткені бұл елдің ішкі істеріне араласып, митингілер ұйымдастырып, барқыт және түрлі-түсті төңкеріс жасау арқылы және оппозиция митингілеріне америкалық сенаторлардың қатысуы мен үкіметтерді ауыстыруымен Украинаны осы жағдайға жеткізді»,- деп қуаттады. Ол ИИР-ның соғысқа қарсылық білдіру берік ұстанымына тоқталып: «Иран соғысқа, адамдардың өлтірілуіне және әлемнің кез келген жеріндегі халықтардың инфрақұрылымның жойылуына қарсы»,- деді.
Аятолла Хаменеи америкалық дағдарыстардың мысалдарын келтіріп: «АҚШ Сирияның шығысында не істеп жатыр? Неге олар Сирия мұнайын ұрлауда? Неге Ауғанстан халықының ұлттық байлығын талан-таражға түсіріп, ұрлап жатыр? Неліктен Батыс Азияда сионистердің күнделікті қылмыстары қорғалып, осы дағдарыстардың барлығы адам құқықтарын қорғау сылтаумен жүзеге асырылуда?»- деген сұрақтарды көтерді. Аятолла Хаменеи Йемен халқына қарсы қылмыстарды Батыс пен АҚШ-тың қарама-қайшы әрекеттерінің тағы бір мысалы деп атап: «Йемен халқы сегіз жыл бойы бомбалау астында өмір сүруде. Бірақ батыстықтар айыптаудың орнына халыққа қарсы қылмыстарға үгіт-насихаттық, ақпарат құралдары арқылы және сөзбен, тіпті іс жүзінде қолдау көрсетуде»,- деп мәлімдеді.