Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ алдында бас ию - үлкен қателік əрі саяси құдіретке соққы
Ислам революциясының жетекшісі санкциядан аман қалу үшін АҚШ немесе басқа арпауыттың алдында бас июді үлкен қателік əрі саяси құдіретке соққы деп атады.
Аятолла Хаменеи Эксперттер кеңесінің төрағасы жəне мүшелерімен кездесуінде санкциядан аман қалу үшін АҚШ немесе басқа арпауыттың алдында бас июді үлкен қателік əрі саяси құдіретке соққы деп атап: "Дұшпанның шамына тимеу үшін елдің қорғаныс қуатын азайту керек деген ұсыныстан масқара ештеңе жоқ",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі ұлттық қуатты бір-бірімен байланысты кешенді іс деп атап, оның тармақтарына тоқталып: "Ғылым мен технология, ойлану мен ой еркіндігі - ұлттық қуаттың бір бөлігі. Ой-пікір еркіндігі мен интеллектуалдық даму болмайынша, ғылым мен технология ештеңе шешпейді",-деді.
Ол қауіпсіздік пен қорғаныс қуаты, экономика, əлеуметтік əл-ауқат пен тұрмыс жайлылығы, аймақ пен əлем деңгейінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету үшін мықты саясат жүргізіп, саудаласу қуаты, мəдениет пен өмір салты, басқа ұлттарға ықпал ететін тартымды қисынды ұлттық қуат тармақтарының бірі деп атап: "Кез келген ел үшін ұлттарды тарту стратегиялық тереңдік тудырады. Бұл өте маңызды",-деді.
Аятолла Хаменеи: "Егер ұлттық қуаттың кейбір тармағын бұзғысы келетін адамға бұлай істеуге рұқсат етсек, Иран бүгін ауыр қатерлерге ұшыраушы еді. Құдайдың қолдауы арқасында мұндай ұсыныстардың орындалуына мұрсат берілмеді",-деді.
Аятолла Хаменеи жүйені нығайтудың ұлттық күш-қуаттың артуына себеп болатынын айтып: "Ұлттық қуат əрбір ел үшін өміршең маңыздылыққа ие. Кез келген ұлт тəуелсіздік пен абырой-айбынын сақтап, өз еркімен маңызды энергия көздерін пайдаланып, басқалардың талаптарына табандылық танытуды қаласа, мықты болуы керек",-деді.