Теһран жұма намазының имамы Украина соғысында ақ нәсілділер мен еуропалықтарды артық көруді сынады
(last modified Fri, 11 Mar 2022 14:21:51 GMT )
Нау 11, 2022 20:21 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы Украина соғысында ақ нәсілділер мен еуропалықтарды артық көруді сынады

Теһранның жұма намазының имамы: «Украинадағы соғыста ақ нәсілділер мен еуропалықтарды артық көру - Батыстың ұят парақтарының бірі»,- деді.

 

Казем Седиқи  АҚШ пен Батысты Йемен, Палестина және Сириядағы соғыстарда және осы елдердегі адамдардың қырылуына немқұрайдылық білдіруіне және Ресей-Украина соғысындағы ұстанымын сынға алды. Седиқ: «Иран Сирия мен Ливанда қатысуда және езілген палестиналықтардың қарсыласуын қолдауда, өйткені Израиль мен Палестина арасындағы және Йемен мен коалиция арасындағы соғыс шындық пен жалғандық арасындағы соғыс»,- деп мәлімдеді. Теһранның жұма намазының имамы Иранның соғысқа,  инфрақұрылымды жоюға және халықты өлтіруге қарсы екенін баса айтып: «Ресейдің Украинамен соғысы мүдделер қайшылығында. АҚШ пен Батыстың Украина соғысындағы әшкереленулері   әлемге олардың Йемен мен Палестинадағы соғыс жағдайында, АҚШ-тың Сириядағы заңсыз қатысуы мен жер астындағы байлықтарды тонау мен өлтірудің жалғасуы алдында ешбір мазлұмның мүддесін ойламағандарын көрсеті. Бірақ Украинада олардың кернейлері естілді»,- деді.