Нау 13, 2022 18:49 Asia/Almaty

Жыл сайын жаңа жыл жақындағанда Иранда Наурызға арналған көрмелер мен фестивальдар өтеді. Сөйтіп Наурыздың әдет-ғұрыптары ұлықталып, сақталады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның түрлі облыстарының тұрғындары жергілікті салт-дәстүрге сәйкес Наурызды қарсы алады. Наурызға арналған көрмелер мен фестивальдар ирандықтардың ұлттық әдет-ғұрыптарын  таныстыру және ұлықтау мақсатында өткізіледі.  

Урумиедегі Наурыз ұлттық фестивалі 9 күн бойы (2022 жыл 5-13 наурыз аралығы) Батыс Әзірбайжан, Шығыс Әзірбайжан, Керманшах, Исфахан және басқа облыстардан қолөнершілер мен өнерпаздарды қабылдады.  

Тегтер