Ислам революциясы жетекшісі 1401 жылды "Өнідіріс: білімге негізделген және жұмыспен қамтушы" жыл деп атады
Ислам революциясы жетекшісі хиджраның 1401 жылының басталуына байланысты жолдауында Наурыз мейрамымен құттықтап, Жаңа жылды «Өнідіріс: білімге негізделген және жұмыспен қамтушы» жыл деп атады.
Ислам революциясы жетекшісі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аятолла Хаменеи хиджраның 1401 жылының басталуымен байланысты жолдауында Наурыз мерекесімен және ғаламның нұрлы күні хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күнімен ұлы Иран халқын және барлық жанашыр халықтарды, әсіресі шәһидтер отбасылары мен ардагерлерді және әртүрлі ғылым, денсаулық, қауіпсіздік және қарсылық салаларындағы халық қызметшілерін құттықтап, Жаңа жылды «Өнідіріс: білімге негізделген және жұмыспен қамтушы» жыл деп атады. Аятолла Хаменеи 1400 жылды да басқа жылдар сияқты шарықтау мен құлдырауы бар жыл деп: «Маңызды және ауқымды президенттің сайлау өткен жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі болды. Коронавирус пандемиясының қаупі жоғары болғанымен, халық сайлауға қатысып, жаңа үкіметті сайлады. Мәліметтерге қарағанда, жаңа билік бұрынғы билікке қарағанда халықтың үмітін оятты»,- деп мәлімдеді. Ол коронавирусқа қарсы күресті және баршаны вакцинамен қамтамасыз ету арқылы қайтыс болған адамдар санының айтарлықтай төмендеуін 1400 жылдың мәселелерінің бірі атап, бірнеше жарамды вакцина шығарудан бастап, жерсеріктерді ұшыруға дейін ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында үлкен жұмыстың атқарылғанына тоқталды.
Ислам революциясы жетекшісі америкалықтардың Иранға қарсы максималды қысым саясатының іске аспауын мойындауын әлемдік сахнадағы 1400 жылдың басқа сәтті нәтижелерінің бірі деп тауып: «Халықтың қарсылығы бұл жеңіске әкелді және шын мәнінде жеңіске жеткен Иран халқы болды»,- деді. Ол 1400 жылы әлемнің басқа аймақтарында орын алған көптеген оқиғаларға тоқталып: «Бұл оқиғалардың барлығы Иран халқының үстемдікке қарсы жолының дұрыстығын көрсетті»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи халық тіршілігінің қиындығы мен инфляция мәселесін» 1400 жылғы ең ащы мәселе деп атап: «Экономикалық проблемаларды шешілетін мәселе және оларды шешу керек. Әрине, олар асығыспен шешілмейді. Бірақ олардың бір бөлігі хижраның 15-ші ғасырының бірінші жылы болып табылатын Жаңа жылда жойылады деп үміттенеміз»,- деді. Аятолла Хаменеи жылдың ұранын үкімет қызметкерлері мен халықтың қозғалысына бағыт-бағдар беру деп біліп: «Бір жылдары жыл ұранына сай жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілсе, кей жылдары олқылықтар да болды. 1400 жылғы өндірістегі кедергілерді жою ұранға сәйкес жақсы жұмыс жасалды, олар жалғасын табуы керек. Өндіріс – экономикалық мәселелерді шешудің кілті және экономикалық қиындықтарды жеңудің басты жолы. Экономикалық өсу, жұмыс орындарын арттыру, инфляцияны төмендету, жан басына шаққандағы кірісті және халықтың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ ұлттық сенім мен абыройдың артуы ұлттық өндіріс деп аталатын эликсирдің гүлденуі мен танымал болуына байланысты. Биыл мен өндіріс мәселесіне, әрине, өндірістің жаңа бағыты мен бет-бейнесіне, атап айтқанда, «білімге негізделген» және «жұмыспен қамту» өндірісіне баса назар аударуды қуаттаймын. 1401 жылды «Өнідіріс: білімге негізделген және жұмыспен қамтушы жыл» деп жариялаймын»,- деді.