Амир Абдуллахиан: Біз санкцияларды алып тастау тақырыбының соңғы нүктесіне әлі жеткен жоқпыз
(last modified Fri, 25 Mar 2022 08:57:14 GMT )
Нау 25, 2022 14:57 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Біз санкцияларды алып тастау тақырыбының соңғы нүктесіне әлі жеткен жоқпыз

Иран Сыртқы істер министрі: «Біз жақсы, күшті және ұзақ мерзімді келісімді ратификациялауға дайынбыз, бірақ ИИР-ның қызыл сызығын кесіп өтпейміз. Санкцияларды жою тақырыбының соңғы нүктесіне әлі жеткен жоқпыз»,- деді.

 

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, аймаққа сапарының барысында Дамаскіден кейін  Бейрутке келген Хұсейн Амир Абдоллахиан бейсенбі күні кешке Ливан Сыртқы істер министрі Абдолла Бухабибпен кездесуінен кейін бірлескен баспасөз мәслихатында Иранға қарсы санкцияларды жоюға қатысты Вена келіссөздері туралы: «Біз америкалық тарап уақытпен және сөзбен ойнап, уақытты босқа кетірудің орнына шынайы әрекеті мен дұрыс көзқарасты таңдауы керек деп санаймыз»,- деп мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрінің айтуынша, АҚШ тарапы шынайы  ұстаным білдірсе, келісім қысқа мерзімде жасалып, аймақтағы барлық елдер одан пайда көреді.

Хұсейн Амир Абдуллахиан  сонымен қатар Ливан Премьер-министрі Наджиб Микати, Ливан Парламентінің төрағасы Набих Берри және Бейрутте орналасқан палестиналық тұлғалар мен жетекшілермен кездесті.