Ислам революциясы жетекшісі: Ислам республикасының билік жүйесі Иранды халықтар үшін тартымды үлгіге айналдырды
(last modified Wed, 13 Apr 2022 08:16:27 GMT )
Сәу 13, 2022 14:16 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Ислам республикасының билік жүйесі Иранды халықтар үшін тартымды үлгіге айналдырды

Ислам революциясы жетекшісі сейсенбі күні жүйенің басшылары мен қайраткерлерімен кездесуінде елдің барлық мәселелерін шешуге болады деп тауып және жыл ұранының әртүрлі өлшемдерін түсіндіріп, Ислам республикасының билік жүйесі мен әртүрлі салалардағы түрлі жетістіктерінің Иранды халықтар үшін тартымды үлгі еткенін қуаттады.

 

Аятолла Хаменеи бұл кездесуде кейбір салалардағы өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізуді, соның ішінде коронавирусқа қарсы вакцинаның алты түрін өндіруді, сыртқы қарыздың нөлге жақын болуын және әртүрлі салалардағы ғылыми, өндірістік және технологиялық жетістіктерді ИИР-ның табыстылығының белгісі деп атап: «Табыстылықтың тағы бір мысалы - ел басқарудың бірқалыпты жұмыс істеуі және кейбір басқа елдерге қарағанда, барлық жауластықтарға қарамастан, елді басқару заңды түрде және тыс әрекеттерді қажет етпей жасалуда. Осы және басқа да жетістіктер, мысалы, Иранның стратегиялық тереңдігі мен аймақтағы рухани ықпалының кеңеюі Ислам Республикасын тартымды үлгіге айналдырды»,- деп мәлімдеді.

Ислам революциясы   жетекшісі: «Американдықтардың Иранға барынша қысым жасаудың сәтсіздікке ұшырағанын ашық мойындауы – ұмытуға болмайтын өте маңызды мәселе»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында ел дипломатиясының жақсы бағытына тоқталып: «Жауапты басшылар ядролық мәселені мүлде кейінге қалдырмай, мәселені елдің фактілеріне сүйене отырып шешуді жоспарлап, әрекет етулері керек»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісі келіссөздерге қатысушыларды революцияшыл, діндар және ынталы деп атады және келіссөз жүргізетін топтың зорлық-зомбылық пен тыстан артық кетушілікке қарсылығына ризалығын білдіріп: «Келісімді бұзып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып  кеткен екінші тарап енді өзін дәрменсіз, тығырыққа тірелгендей сезінеді. Бірақ талай қиындықты халыққа арқа сүйеу арқылы жеңген исламдық жүйе де бұл кезеңнен өтеді»,- деп қуаттады. 

Аятолла Хаменеи палестиналық жастардың оянуы мен басып алынған аумақтардағы қозғалыстарын мадақтап: «Бұл қозғалыстар Палестинаның АҚШ пен оның жақтастарының талпыныстарына қарамастан тірі екенін және Алланың рақымымен соңғы жеңіс Палестина халқына болатынын көрсетті»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі сондай-ақ Йеменнің мазлұм халқының батылдығын мадақтап, Сауд Арабиясының қайраткерлеріне жанашырлықпен: «Неліктен жеңетін мүмкіндіктерін жоқ екенін білетін соғысты жалғастырасыңдар?  Жол тауып, бұл шайқастан шығыңдар»,- деп кеңес айтты. Аятолла Хаменеи Йемендегі жақындағы атыс тоқтатуды өте жақсы бағалап: «Бұл келісім іс жүзінде жүзеге асып, жалғасатын болса,  күмәнсіз, Йемен халқы өзінің және басшыларының күш-жігері, батылдығы мен бастамасының арқасында жеңіске жетеді және Алла Тағала бұл мазлұмдарға көмектеседі»,- деп мәлімдеді.