Сақшылар корпусы сионистердің әл-Ақса мешітіндегі қылмыстарын айыптады
Ислам революциясы Сақшылар корпусы жаңа интифазаның пайда болуы мен палестиналық жас ұрпақтың қарсыласу мен күрес алаңында батыл қатысуын сионистер мен олардың аймақтық және трансаймақтық жақтастары үшін қорқынышты елес деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ислам революциясы Сақшылар корпусы мәлімдеме жасап: «Соңғы күндергі иманды моджахедтер мен ынталы палестиналық жастардың шәһидтік әрекеттерінен кейінгі сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне қарсы агрессивті әрекеттері мен жаңа қылмыстары, сионистердің Палестина жастары мен жасөспірімдері жағдайында жаңа интифазаның қалыптасуы мен Палестина халқының күресінің тереңдеуінен және антисионистік қарсыласу күштерінен қорқуын білдіреді»,- деп жариялады. Ислам революциясы Сақшылар корпусы халықаралық қауымдастықтың Палестинадағы оқиғаларға және әл-Ақса мешітінде және басқа да басып алынған аумақтарда қасиетті Құдсты басып алушылардың қылмыстарына жауап беруі қажеттігін қуаттады.