Хатибзаде: Иранның активтерін босатудың АҚШ-қа қатысы жоқ
(last modified Mon, 18 Apr 2022 14:33:18 GMT )
Сәу 18, 2022 20:33 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Иранның активтерін босатудың АҚШ-қа қатысы жоқ

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Иранның активтерінің бір бөлігін босату туралы келісім жасалды. Мұның АҚШ-қа қатысы жоқ. Бұл елдің осы мәселеге кірісуіне жол бермейміз",-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде дүйсенбі күні баспасөз отырысында: "Иранның тауарларын экспортау және қызмет көрсетуінен түскен ақшаны қайтарудың үшінші елге қатысы жоқ. Ал АҚШ өз мүддесіне қайшы келетін кез келген мәселеге араласуға тырысады",-деді.

Хатибзаде Вена келіссөздерінде қалған тақырыптар туралы: "Вена келіссөздерінің тақырыптары бәрі үшін айқын. Барлық баптар бойынша келісімге келмейінше ешқандай келісім жасалмайды",-деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы сионистік режимнің әл-Ақса мешітіндегі намазхандарға шабуылы туралы: "Израиль режимінің мұсылмандарға тіл тигізіп, намазхандарға шабуыл жасағанына куә болдық. Өткен бірнеше апта барысында Палестинада көп адам шәһид болды. Бірақ халықаралық ұйымдардың бұл мәселеге қатысты үнсіз қалғанын да көрдік",-деді.