Ислам революциясының жетекшісі: Араб әлемі сионистік режимнің қылмыстарына жылдам саяси реакция білдіруі керек
Ислам революциясының жетекшісі сионистердің ондаған жыл бойы Палестина халқына көрсеткен зұлымдығын ащы шындық әрі ислам әлемі мен араб елдеріне қатты соққы деп атап: «Иран араб елдері саяси майданға тез кіріп, әрекет етеді деп күтеді»,-деді.
Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи бейсенбі күні Катар әмірі Тамим бен Хамд әл-Сани және оның делегациясымен кездесуінде: «Араб елдерінің сионистік режимнің қылмыстарына қатынасы қорқыныш немесе ашкөздіктен болса, білсін: бүгінде Израиль режимі ашкөздікпен қарайтын немесе одан қорқатын жағдайда емес»,-деді.
Аятолла Хаменеи аймақ мәселелерін аймақ елдерінің диалогы арқылы шешуге болатынын айтып: «Сирия мен Йеменнің мәселелерін де диалогпен шешуге болады. Әрине диалог әлсіздік тұрғысынан болмауы керек. Өйткені қарсы тараптар, яғни АҚШ пен басқалар әскери және қаржылай құдіретке сүйеніп отыр»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі аймақ істерін басқару үшін бөгделердің араласуы қажет емес екенін айтып: «Сионистер қай жерге аяқ басса, сол жерде азғындық тудырады. Елдерге ешқандай құдірет пен ұпай бере алмайды. Сондықтан аймақ елдері шамалары келгенше ынтымақтастық пен пікірлестік арқылы өз қарым-қатынастарын нығайтуы керек»,-деді.
Аятолла Хаменеи сондай-ақ Иран мен Катардың саяси-экономикалық ынтымақтастығын арттыру қажеттігін айтып, өзара қатынасты тұрақты түрде нығайтуды екі елдің мүддесіне сай келетінін айтып: «Екі елдің экономикалық қатынасының қазіргі деңгейі өте төмен. Бұл бірнеше есе артуы керек. Екі ел арасындағы келісімдер белгіленген уақыт аясында жүзеге асуы тиіс»,-деді.
Катар әмірі Иранға екінші рет келгеніне қуаныш білдіріп, Ислам революциясы жетекшісінің ислам әлеміндегі көрнекті орнына тоқталып: «Сионистік режимнің Палестинадағы қылмыстары жиіркенішті. Бәріміз Палестинадағы оқиғаларға қарсы тұруымыз керек»,-деді.
Шейх Тамим бен Хамд әл-Сани сондай-ақ аймақ елдері, соның ішінде Сирия, Ирак пен Йеменнің мәселелерін диалог арқылы шешу керегін айтып, Иран мен Катардың экономикалық қатынасы туралы: «Екі ел арасында экономикалық комитет жұмыс істеп жатыр. Келер жылға дейін экономикалық әріптестік айтарлықтай артатын болады»,-деді.