Иран мен Қазақстан арасында банкаралық әріптестікті дамыту мәселесі қарастырылды
Иран Орталық банкінің бас директоры мен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары екіжақты банкаралық әріптестікті дамыту жолдарын талқылады.
Қазақстанның Сауда және интеграция министрі әрі Премьер-министрінің орынбасары Бақыт Сұлтанов пен осы елдің экономикалық делегациясы дүйсенбі күні Теһранда Иран Орталық банкінің бас директоры Әли Салехабадимен кездесіп, сауда және банк саласында әріптестікті кеңейту туралы пікір алмасты.
Иран Орталық банкінің бас директоры осы кездесуде екі елдің экономикалық қатынасына тоқталып: "Иран мен Қазақстан арасында экономикалық әріптестікті дамыту мен банкаралық қатынасты кеңейту бір-бірімен тығыз байланысты",-деді.
Әли Салехабади Иран мен Қазақстанның сауда, экономика және банк салаларындағы әлеуеттеріне тоқталып: "Екі ел арасында банкаралық қатынас кеңейсе, екіжақты экономикалық әріптестік те артып, жақсы деңгейге жетеді",-деді.
Бақыт Сұлтанов та Қазақстанның Иранмен экономикалық қарым-қатынасын дамытуға дайын екенін айтып: "Өткен айларда екі елдің жеке секторлары мен экономикалық белсенділері арасында жақсы келісімшарттарға қол қойылды. Екі елдің сауда-экономикалық қатынасының көлемі өткен үш айда 50 пайызға өсті",-деді.