Ислам революциясының жетекшісі: Дұшпандар Иран халқын исламдық жүйеге қарсы қоя алмайды
(last modified Sat, 04 Jun 2022 17:15:15 GMT )
Маусым 04, 2022 23:15 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Дұшпандар Иран халқын исламдық жүйеге қарсы қоя алмайды

Ислам революциясының жетекшісі Иран Ислам республикасының негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р.) қайтыс болғанына 33 жыл толуына орай өткен рәсімде сөйлеген сөзінде: "Ислам республикасында халық – өте маңызды фактор. Дұшпандар халықты исламдық жүйеге қарсы қоя алмайды",-деді.

Аятолла Хаменеи сенбі күні таңертең екі жылдық үзілістен кейін Ұлы жетекшінің кесенесінде жиналған жұрттың алдында сөйлеген сөзінде қазір халықтың дін мен революцияға бетбұрысының революцияның бастапқы кезінен әлдеқайда артық екенін айтып, халықтың қарсыласу мен руханиятты қолдау шерулеріне кең түрде қатысқанына тоқталды.

Аятолла Хаменеи: "Халық шәһид Солейманидің жаназасын шығаруға және осы күрескерді ұлықтауға миллиондап қатысты, діни үлгілер мен жоғары мәртебелі факиһтер аятолла Сафи Голпаигани және аятолла Бехджаттың жаназасын шығаруға жаппай қатысып, сезімдерін білдірді. Мұны елдегі басқа ешбір саяси және мәдени тұлғаны ұлықтаумен салыстыруға болмайды. Бұл халықтың дін, діни басшылар, джиһад пен қарсыласуға сенетінін көрсетеді",-деді.  

Аятолла Хаменеи дұшпандардың қате есептеулерінің себебін түсіндіріп, кейбір сатқын ирандық кеңесшілердің осындай есептердің жасалуындағы рөліне тоқталып: "Сатқын кеңесшілер өз еліне ғана емес, тіпті америкалықтарға қиянат жасап жатыр. Өйткені олар жалған кеңес беру арқылы америкалықтардың жеңіліс табуына себеп болып отыр",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Иранмен жауласу себептерінің бірін имам Хомейнидің (р.) Батыс елдерімен араға шынайы шек қою деп атап: "Палестинаны қолдау және сионистік режимнің елшілігін Палестина халқына беру, Еуропа елдері мен АҚШ-тың екіжүзділігі мен қылмыстарын сынау – имам Хомейнидің ислам жүйесі мен өркениетін Батыс өркениеті мен идеологиясынан бөліп алғанын көрсететін маңызды үлгілердің бірі",-деді.

Аятолла Хаменеи сондай-ақ Грекия үкіметінің Иран кемелеріне қарақшылық жасап отырғанын айтып: "Осыдан біраз бұрын Грекия үкіметі АҚШ-тың бұйрығымен Иран мұнайын ұрлады. Бірақ Иранның жанкешті жауынгерлері дұшпанның мұнай танкерін тәркілегенде Батыс елдері өз ақпарат құраларында Иранды ұрлықшы деп айыптады. Ал негізі олардың өздері біздің мұнайды ұрлады. Демек, ұрланғанды қайтару ұрлық болып саналмайды",-деді.