Иран Қазақстанмен саудасын 3 миллиард долларға жеткізуді көздеуде
https://itolqyn.com/news/iran-i62006-Иран_Қазақстанмен_саудасын_3_миллиард_долларға_жеткізуді_көздеуде
Иранның Сауданы дамыту ұйымының Орталық Азия, Кавказ және Ресей бөлімінің бас директоры Қазақстан президентінің Теһранға сапары мен сауда саласындағы ынтымақтастық құжаттарына қол қоюына сілтеме жасап, ИИР-ның бұл елмен алдағы 3 жылда саудасын 3 миллиард долларға жеткізуді көздеп отырғанын мәдімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 23, 2022 20:34 Asia/Almaty
  • Иран Қазақстанмен саудасын 3 миллиард долларға жеткізуді көздеуде

Иранның Сауданы дамыту ұйымының Орталық Азия, Кавказ және Ресей бөлімінің бас директоры Қазақстан президентінің Теһранға сапары мен сауда саласындағы ынтымақтастық құжаттарына қол қоюына сілтеме жасап, ИИР-ның бұл елмен алдағы 3 жылда саудасын 3 миллиард долларға жеткізуді көздеп отырғанын мәдімдеді.

 Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше,   Рахматолла Хармали: «Қазақстанға экспортталатын негізгі тауарлар ауылшаруашылық өнімдері, азық-түлік және цемент сияқты құрылыс өнімдері болса, Иранның Қазақстаннан импорты негізінен дәнді дақылдар, арпа, бидай және елге қажетті басқа да өнімдер салаларына тиесілі»,- деді.  Хармали Иранның Сауданы дамыту ұйымының саясаттарының бірі  сауда орталықтарын құру екенін мәлімдеді.