Ислам революциясы жетекшісінің Джейкоб Зуманы қабылдауында сөйлеген сөзі
Иран Ислам революциясы жетекшісі: «Тәуелсіз елдер неғұрлым көбірек бір-біріне жақындап, кейбір үстемшіл үкіметтердің қайшылық тудыруларына қарамастан өздерінің ынтымақтастықтарын арттырулары керек»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні Оңтүстік Африка Президенті Джейкоб Зумамен кездесуінде саяси-экономикалық ынтымақтастықтарды арттыру қажеттілігін қуаттап, Ислам революциясының жеңісінен кейін Оңтүстік Африканың апартеид режимімен қарым-қатынастың тоқтатылуына сілтеме жасап: «ИИР сионистік режим мен Оңтүстік Африканың апартеид режимімен қарым-қатынасын шамамен бір уақытта тоқтатқан болатын»,- деп анықтады. Аятолла Хаменеи Иранның Оңтүстік Африка еліне қатысты көзқарасын оң әрі сындарлы деп атап: «Иран мен Оңтүстік Африка арасындағы қарым-қатынастар достық сипатта. Әлемдік қауымдастық деңгейіндегі екі елдің ынтымақтастықтары сындарлы, алайда Иран мен Оңтүстік Африканың экономикалық және сауда айналымы екі жақтың мүмкіндіктеріне сай арттырылуы керек» деп баса айтты.
Аятолла Хаменеи Иран мен Оңтүстік Африка елінің Қосылмау қозғалысы аясындағы қарым-қатынастың ынтымақтастыққа жағдай тудыратынын айтып: «Бұл ынтымақтастықтар Қосылмау қозғалысына мүше барлық елдер үшін пайдалы»,- деп қуаттады.
Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зума да ИИР-ның ОАР халқының апартеидке қарсы күресін қолдағанына алғыс айтып: «Оңтүстік Африканың халқы еш уақытта Иранның танытқан қолдауын ұмытпайды»,- деді.