Ислам революциясының жетекшісі ирандық-исламдық даму орталығының жоғары кеңесінде сөз сөйледі
(last modified Tue, 26 Apr 2016 10:04:18 GMT )
Сәу 26, 2016 16:04 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі ирандық-исламдық даму орталығының жоғары кеңесінде сөз сөйледі

Ислам революциясының жетекшісі: «Ирандық-исламдық даму үлгісінсіз ислам өркениетін қалыптастыру мүмкін емес»,-деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Дамудың ирандық-исламдық үлгісі орталығы жоғары кеңесінің мүшелерімен кездесуінде ирандық-исламдық даму үлгісін жасауды «ислам өркениетін» қалыптастырудың қажеттілігі деп атап: «Ислам өркениеті дегеніміз басқа елдерге шабуыл жасау емес, басқа халықтардың исламның идеологиялық ықпалында болуы деген мағынаны береді»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі ислам революциясының мақсатын ислам өркениетін қалыптастыру деп атап, әлемдік даму үлгілерінің қате әрі сәтсіз негіздеріне тоқталып, жаңа ирандық-исламдық даму үлгісін ұсыну қажеттігін айтып, джиһадтық және революциялық жұмыс, исламдық дереккөздері мен діни оқу орындарының бай да мықты әлеуеттерін пайдалану, ғылыми тұрғыдан күш-қабілетке ие болу» және «диалог өткізуді» ирандық-исламдық даму үлгісін жасауға қажетті дүниелер деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи исламдық үкімет құруды толығымен исламдық үлгілер мен критерийлер негізіндегі үкімет құру деп атап: «Исламдық үкімет құру кезеңі толығымен аяқталғанға дейін исламдық қоғам құруға кезек келмейді»,-деп сөзін жалғады. Ол Ислам революциясының бес мақсатының соңғы қадамын ислам өркениетін қалыптастыру деп атап: «Даму үлгісінің исламдық болуы – басты негіз»,-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи, сондай-ақ, әлемде таралған үлгілер туралы: «Дамудың қазіргі үлгілерінің негіздері қате, гуманизм мен илаһи емес принциптерге негізделген. Олар әсерлер мен нәтижелер тұрғысынан да азаттық пен әділеттік сияқты құндылықтарды қамтамасыз ету туралы берген уәделерін орындай алмады»,-деді.

Тегтер