Ислам революциясының жетекшісі жетінші бағдарламаның жалпы саясатын мәлімдеді
(last modified Mon, 12 Sep 2022 13:48:04 GMT )
Қыр 12, 2022 19:48 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі жетінші бағдарламаның жалпы саясатын мәлімдеді

Ислам революциясының жетекшісі биліктің үш тармағының басшыларына жетінші бағдарламаның жалпы саясатын, әділеттік сақталған экономикалық дамудың басымдықтарын мәлімдеді.

Аятолла Хаменеи ел конституциясының 110-бабының бірінші тармағына сәйкес Жүйе мүддесін анықтау алқасымен кеңескеннен кейін әділеттік сақталған экономикалық дамудың басымдықтары баяндалған жетінші бағдарламаның жалпы саясатын биліктің үш тармағының басшыларына, Жүйе мүддесін анықтау алқасының төрағасына және Қарулы күштердің бас штабының басшысына мәлімдеді.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшелері мен хатшылығының көзқарас білдіргеніне  және  биліктің үш тармағы мен басқа да органдардың белсенді қатысқанына алғыс айтып, осы саясат негізінде Жетінші бағдарлама заңын дайындап, бекітуді жүйе мақсаттарын орындау жолындағы тағы бір қадам деп атап, саясатты орындауға белсенді бақылау орнату керегін айтты.

Жетінші бағдарламаның жалпы саясаты экономика, инфрақұрылым, мәдениет пен әлеумет, ғылым, технология мен білім, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс пен қауіпсіздік, әкімшілік, заң және сот салаларын қамтыған 7 тарау мен 26 тармақтан тұрады.