Қыр 17, 2022 22:18 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі мұғжизаға ұқсайтын Арбағин шеруін Әһл-е Бейт исламының туын желбірете түсуді қалаған Жаратушының нышаны деп атады.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи сенбі күні Арбағин күніне орай студенттердің аза тұту рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Мұғжизаға ұқсайтын Арбағин шеруі адамзаттың ешбір саясат және айла-шарғысымен орындалмайды. Алла тағала осындай салтанатты көрініспен біз бетке алған жолдың жарқын екенін көрсетті",-деді.  

Аятолла Хаменеи мүмін жастардың пәк жүректерінің дұға мен уағыздың сапасын арттырып, илаһи жетекшіліктің күшеюіне себеп болатынын айтып: "Шәһидтердің басшысы имам Хұсейннің (ғ.) биік туы саналатын Арбағин рәсімі биыл басқа кезеңдермен салыстырғанда салтанаты аса орындалды",-деді.

Аятолла Хаменеи жастарды жастық шақтың қадірін білуге және хұсейншіл топтарға белсенді қатысуға шақырып: "Хұсейншіл топтар да Әһл-е Бейтті есте сақтауы тиіс және ақиқатты түсіндіретін орталық болуы керек",-деді.

Аятолла Хаменеи қара ниеттілердің Арбағин шеруі сияқты маңызды оқиғаларға қарсы әрекеттеріне тоқталып, барша адамды міндет пен жауапкершілікті сезінуге шақырып: "Құрандағы екі өміршең сөйлем, яғни хаққа бас ию және сабырға шақыру мәңгілікке, әсіресе қазіргі кезде басты жолнұсқау болуы тиіс",-деп еске салды.

Ол сабырды тұрақты, табанды, қажырлы және тығырыққа түспейтін деген мағынада қолданып, хұсейншіл жастарға: "Өздерің де Құдай жолымен жүріңдер, түрлі жерлерді, соның ішінде университеттерді Құдайдың реңімен нұрландыру арқылы басқаларды жетекшілік жолына тартуға талпыныңдар",-деді.  

Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен өткен рәсімнің басында аза тұтушы студенттер Кербала зияратшыларына үн қосып, бірауыздан "Ләббайк, я, Хұсейн!" деп ұрандатты.

Тегтер