Қыр 21, 2022 20:23 Asia/Almaty

Иранның Қазақстандағы елшісі Иран мен Қазақстан қарым-қатынасының жаңа кезеңге аяқ басқанын және екі елдің қарым-қатынастарын стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдағанын айтты.

 

Маджид Самадзаде Сабер Астанада Iran Press ақпарат агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында Иран мен Қазақстан қарым-қатынасының дәстүрлі түрде жақсы әрі теңгерімді болғанын айтты. Иранның Қазақстандағы елшісі ынтымақтастықты кеңейту үшін 4 басымдық бар екеніне назар аудартып: «Иран мен Қазақстан арасындағы тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, сауда және көлік тасымалының төрт саласындағы ынтымақтастығы жақсы дамып келеді»,- деп қосты.

Самадзаде Сабер Иран мен Қазақстанның бір-бірінің жеріндегі кен орындарын  барлау,  сондай-ақ транзит және көлік саласында екі ел арасында өте жақсы ынтымақтастық орнағанына тоқталып, екі ел арасында энергетика саласында келісімдер жасалғанын және Иран мен Қазақстан арасында мұнай алмасуы жоспарланғанын айтты. Самадзаде Сабер Қазақстан президентінің Теһранға сапары барысында осы елден бір миллион тонна астық сатып алуға қол қойылғанын, бұл маңызды келісім-шарт болып табылатынын және Иранның азық-түлік қауіпсіздігіне көмектесетінін қуаттап: «Екі ел сауда алмасу құны  жылына 3 миллиард долларға дейін арттыруға келісті. Иран мен Қазақстан нарығының екі ел арасындағы сауда алмасу құнын жылына 5 миллиард долларға жеткізу мүмкіндігі бар»,- деді.