Қыр 25, 2022 16:35 Asia/Almaty

Исламдық Иран Алла елшісінің (с.ғ.с.) қайтыс болған және әлем шиіттерінің екінші имамы хазірет Хасан Мұджтабаның (ғ.) шәһид болған күніне орай қайғырып, аза тұтып жатыр.

Бүгін, жексенбі күні х.қ.ж.с.б. 1444 жыл 28 сапар, сәйкесінше 2022 жыл 25 қыркүйек – Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) қайтыс болған және имам Хасан Мұджтабаның (ғ.) шәһид болған күні.

Сафар айының соңғы күні қам-қайғыға толы. Пайғамбар мен Әһл-е бейтке ғашықтар сегізінші имам Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.) кесенесіне жиналып, «Бүгін – аза күні» деп айғайлайды.

Бүгін Алла елшісінің (с.ғ.с.) қайтыс болған және имам Хасан Мұджтабаның (ғ.) шәһид болған күніне орай Мешхед және басқа қалаларда аза тұту рәсімдері өтіп жатыр. Әһл-е бейтке ғашықтар діни орындарда жиналып, діни топтар қалыбында пайғамбар(с.ғ.с.) мен имам Хасанды (ғ.) жоқтайды.  

Тегтер