Раиси соңғы бүлікте жараланған кейбір адамдардың жағдайын біліп қайтты
Иран Президенті жексенбі күні кешке Теһранның бір ауруханасына барып, соңғы бүлікте жараланған кейбір адамдардың жағдайын біліп қайтты.
Ибрахим Раиси Теһранның бір ауруханасына барып, соңғы бүлікте жараланған кейбір адамдардың жағдайын біліп, емдеу үдерісімен танысты.
Иран халқы Махса Аминидің қазасына қайғырып, заңды медициналық зерттеудің нəтижесін тосып отырған жағдайда кейбіреулер өткен бірнеше күнде əртүрлі қалаларда, соның ішінде Теһранда заңсыз митингтер өткізіп, қоғамдық мүлікке зиян тигізді.
Осы бүлік барысында жедел жәрдем жəне өрт сөндіру көліктері де бүлікшілерден аман қалмады. Осы күнге дейін жедел жəрдем қызметкерлерінің бірнешеуі жараланып, ауруханаға түсті. 61 жедел жәрдем көлігі қиратылды.