Раиси: Мәдени бірегейлік Иран халқының құдыретінің қайнар көзі
ИИР Президенті мәдени болмысты хылық құдыретінің қайнар көзі деп атады.
Иран Президент: «Мәдени шапқыншылық тек бүгінгі күн үшін ғана емес, ол әрқашан болған, сондықтан мәдени біргейлік Иран халқының беделінің қайнар көзі»,- деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Ибрахим Раиси «Елдің мәдени құрылымын революциялық қайта құру логикасына» арналған ұлттық конференциясында: «Бізге әрдайым шетелдік мәдениеттің Иранның бай мәдениетіне және жастардың таза жүрегіне және олардың исламдық және ирандық болмысына шабуыл жасау қаупі бар»,- деп мәлімдеді. Раиси мәдени болмысты хылық құдыретінің қайнар көзі деп атап: «Ислам революциясы негізінен мәдени революция болып табылады. Ислам республикасының өзіндік мәдениеті бар және ол мәдени даму мен ілгерілеушілік әкеледі»,- деді.