Раиси: Мәдени бірегейлік Иран халқының құдыретінің қайнар көзі
(last modified Sat, 15 Oct 2022 12:36:33 GMT )
Қаз 15, 2022 18:36 Asia/Almaty
  • Раиси: Мәдени бірегейлік Иран халқының құдыретінің қайнар көзі

ИИР Президенті мәдени болмысты хылық құдыретінің қайнар көзі деп атады.

 

Иран Президент: «Мәдени шапқыншылық тек бүгінгі күн үшін ғана емес, ол әрқашан болған, сондықтан мәдени біргейлік  Иран халқының беделінің қайнар көзі»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті   Ибрахим Раиси «Елдің мәдени құрылымын революциялық қайта құру логикасына» арналған ұлттық конференциясында: «Бізге әрдайым шетелдік мәдениеттің Иранның бай мәдениетіне және жастардың таза жүрегіне және олардың исламдық және ирандық болмысына шабуыл жасау қаупі бар»,- деп мәлімдеді. Раиси мәдени болмысты хылық құдыретінің қайнар көзі деп атап: «Ислам революциясы негізінен мәдени революция болып табылады.  Ислам республикасының өзіндік мәдениеті бар және ол мәдени даму мен ілгерілеушілік әкеледі»,- деді.