Қаз 16, 2022 17:14 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бағери: Иран өз шекарасына жақын жерде 3 мың лаңкестің болуына төзіп қарап тұрмайды

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы елдің солтүстік-батысындағы лаңкестік топтардың жағдайы туралы: «Иран өз шекарасына жақын жерде 3 мың лаңкестің болуына төзіп қарап тұрмайды»,-деді.

Генерал-майор Мұхаммед Бағери: «Иран шекарасының сыртында қарулы 3 мың адамда бомба жасайтын орталықтың болуын ИИР мүлде қабылдамайды. Оларға қарсы күреседі»,-деді.

Генерал-майор Бағери ирактықтардың Иранға лаңкестік топтардың іс-әрекеттерінің алдын алуға сан рет уәде бергенін, бірақ әрекет етпегенін айтып: «Сондықтан БҰҰ жарлығы негізінде лаңкестік топтарға қарсы күресуге шешім қабылдадық»,-деді.

 

Тегтер